Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол бес жігіт сапарларын жалғастырып, Лаишқа жетті. Ондағы халықты бақылап, олардың сол қалада сидондықтар іспетті аман-есен тұрып, тыныш та бейқам өмір сүріп жатқандарын көрді. Оның үстіне олар сидондықтардан алыс қоныстанып, ешкіммен де қарым-қатынас жасамайтын. Осылай Миханың жасап алған тәңір мүсіндерін тартып алып, оның діни қызметкерін өздеріне ілестіріп алған дандықтар ақырында Лаишқа жетті. Оның тыныш та бейқам тұрып жатқан халқына семсерлерімен тап беріп, қаланы өртеп жіберді. Олар зындандағы тұтқындардай жиналып, бірге қамалады. Ұзақ қамалғаннан кейін олар Құдайдың назарына қайтадан ілігеді. Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасап, елден жыртқыш аң атаулыны жоямын. Сонда олар айдалада бейқам тұрып, тіпті орман ішінде алаңсыз ұйықтай алатын болады.
Выбор основного перевода