Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз,Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да,Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да, Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да,Оның толқынынан тау сілкініп жатса да.(Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!) Құдайдың таңдап алған қаласына,Алла Тағаланың киелі тұрағынаОның рақымы бұлақтың суындайӘрқашан да нәр беріп қуантуда. Құдай осы қаланың ортасында,Ешқашан қозғалмайды да сол қала,Құдай көмегін береді таң ата. Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да! Келіп көріңдер Иенің істерін,Ол ойрандатты жаулардың жерлерін, Дүниедегі соғыстарды тоқтатып,Садақ, найза атаулыны сындырып,Күймелерді қиратты отқа жағып. «Тынышталыңдар барлығың енді,Біліңдер Менің Құдай екенімді!Басқа халықтар Мені құрметтейді,Дүние жүзінде Мені қастерлейді». Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да! Жиналып, аттаныңдар! Бейқам, еш алаңсыз тұрып жатқан ұлтқа шабуыл жасаңдар! — дейді Жаратқан Ие. — Олар қақпалармен, ысырмалармен бекінген қалаларда емес, ашық далада оңаша тұрады. Едәуір уақыттан кейін аттануға шақырылып, кейінгі жылдары Исраил еліне басып кірмексің. Осы ел семсердің қырғынынан кейін қалпына келген. Оның көптеген басқа ұлттар арасына шашырап кеткен халқы жиналып, қайта оралған. Олар түрлі халықтардың арасынан әкелініп, қаңырап бос жатқан Исраилдің қырат-қырқаларына қайтып қоныстанды да, сол жерде аман-есен тұрып жатты. Бұл оған былай деді:— Ана жас жігітке тездетіп барып мынаны айт: Иерусалим малы мен адамы көп болғандықтан қамал қабырғасы жоқ, ашық қала сияқты болады!
Выбор основного перевода