Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін! Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Алайда сен қалың әскеріңмен әрі өзіңе ерген көптеген халықтармен оларға дауылдай шүйіліп, жердің бетін бұлттай басатын боласыңдар. Осылайша Мен көп халықтардың алдында ұлылығым мен киелілігімді паш етіп, Өзімнің кім екенімді ашық көрсетемін. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». «Ал Мен салтанатты ұлылығымды халықтардың арасында орнатамын. Сонда барлық ұлттар Менің соларға үкімімді шығарып, оны құдіретті қолыммен іске асырғанымды көретін болады. Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар: Енді мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсіндіруге келдім. Сен көретін көрініс алдағы заманға қатысты.
Выбор основного перевода