Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай семсерім аспандағы күштерді қырып тастайды. Бұдан кейін ол Едомды, Өзім жойылуға арнаған халықты шабады, (— деп ескертеді Жаратқан Ие). Иә, Жаратқан Иенің семсері құрбандыққа шалынған қой-ешкілердің қанына малынып, солардың майына және қошқарлардың бүйрек майына малынып, тойған іспетті. Себебі Жаратқан Ие Едом жерінің Босора қаласында құрбандық шалғандай үлкен қантөгіс жасамақ. Ұлттардың ішіндегі ең айбынды шетелдіктер оны шауып құлатып, тастап кетті. Ағаштың сынып қалған бұтақтары елдің барлық таулары мен сай-салаларында, өзен тармақтарында шашылып жатты, ал жердегі күллі ұлттар оның саясын тастап, кетіп қалды. Осылайша сені жерге лақтырып, ашық далаға тастаймын. Аспандағы барлық жыртқыш құстарды саған қондырамын, түздің жыртқыш аңдарының бәріне де денеңді жем қыламын. Сенің етіңді тауларға шашып, аңғарларды да қалдықтарыңмен толтырамын.
Выбор основного перевода