Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайдың таңдап алған қаласында,Оның қасиетті Сион тауындаЖаратқан Иеміз теңдессіз ұлы,Ол мадақталуға әбден лайықты! Бекіністі сарайларында ҚұдайБелгілі қорғаушы, баспанадай. «Құдайдың мекендерін иемденейік,Жайылымдарын қолға түсірейік!» Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек! Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім. Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында, бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді. Қала шегінің айналдыра ұзындығы он сегіз мың шынтақ болмақ.Сол кезден бастап, қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ».
Выбор основного перевода