Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Тәңір Ие, мұндай жайт қашанға дейін созылады? — деп сұрағанымда, Оның жауабы мынау болды:— Сол жайт қалалар қирап, қаңырап бос қалғанша, үйлер ешбір тұрғынсыз, егіндіктер ойрандалып, иесіз қалғанға дейін созылмақ. Патша қайғырып, билік жүргізген әмірші сары уайымға салынады. Елдегі халықтың қолдары қорқыныштан дірілдейді. Мен оларды істегендері бойынша жазалап, өз заңдары бойынша соттаймын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады!» Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. ал Есауды таңдамадым. Оның қыратты аймағын қаңыраған бос далаға айналдырып, меншікті жерін құла түздің шибөрілеріне қалдырдым, — деп жауап береді. Едом:— Біз қирасақ та, үйінділерімізді қайта тұрғызып ала аламыз! — десе де, Әлемнің Иесі мынаны айтады:— Олар тұрғызса да, Мен қайтадан қиратып тастаймын. Олардың жері — «Зұлымдық елі», халқы — «Жаратқан Иенің наразылығына ұдайы іліккен халық» деп аталып кетеді.
Выбор основного перевода