Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шыршалар да қуанышқа кенеледі,Ливанның самырсындары да былай дейді:«Уа, патша, сен тақтан құлағандықтан ендіБізді шауып құлатуға ешкім келмейді». Ей, патша, о дүние сенің келуіңді күтіп қозғалуда. Саған бола ол өлгендердің аруақтарын, жер бетінде мықты болған билеушілердің бәрін де орындарынан тұрғызады. Күллі халықтардың патшалары (сені құрметтегенсіп) тақтарынан көтерілуде. Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың! Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласына тағы мынаны айтады: «Сен құлап, жаралылар күңіреніп, ортаңда халық қырылып жатқанда мұның шуынан теңіз жағалаулары селкілдемей ме? «Пендем, Мысырдың қалың әскері туралы жоқтау айт! Оларды да, үлкен халықтардың қыздарын да о дүниеге түсіріп, тұңғиықтың түбіне аттанып бара жатқандармен бірге лақтырып таста! Перғауынның өзі және оның бүкіл әскері солардың бәрін көргенде, өзінің де, қалың қолының да семсерден қырылып мерт болғандарына жұбанады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
Выбор основного перевода