Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені іштей былай дегенсің: «Мен аспанға көтерілемін, өз тағымды Құдайдың жұлдыздарынан да жоғары орнатамын! Қиыр солтүстікте орналасқан, (жалған тәңірлер) жиналатын таудың басындағы тағыма жайғасамын. Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын!» Өйткені әсем келбетіңнен асқақтап кеткен едің. Нұрлы салтанатыңа салынғаныңа бола даналығыңды бүлдірдің. Содан Мен сені жерге, басқа патшалардың алдына лақтырдым, олар саған қызыға қарайтын болды. Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды.
Выбор основного перевода