Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады. Ал көзімді құртпақшы арамзаларТозақтың түбіне түсетін болар, Тез құлақ түре гөр, жаным күйреді,Ием, кері бұрмашы менен бетіңді,Әйтпесе боламын көрге түскен секілді. Мен Ассурды о дүниеге кететін өзгелермен бірге сонда аттандырғанда, Ассурдың құлаған даусымен басқа ұлттарды дірілдеттім. Сонда Едемнің барлық ағаштары, тіпті Ливанның ең таңдаулы, ең жақсылары әрі молынан суарылған сол ағаштардың барлығы да о дүниеде жұбаныш тапты. Ассурдың саясында өмір сүрген одақтас ұлттар да құрыды. Олар да семсерден қаза тапқандарға қосылып, Ассурмен бірге о дүниеге түсті. Уа, Мысыр, Едемнің ағаштарының қайсысының ұлылығы мен салтанаты сенікіне тең келе алады? Алайда сен де Едемнің ағаштарымен бірге о дүниеге түсірілесің! Сен сүндеттелмегендердің әрі семсерден қаза тапқандардың арасында жататын боласың. Перғауын мен оның шулы әскерінің тағдыры осы болмақ!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Елам да сонда жатыр, қалың қолы да оның қабірінің айналасында. Барлығы да семсерден қырылып мерт болғандар, о дүниеге сүндеттелмеген күйі аттанғандар. Олар тірі кездерінде басқаларға үрей себетін еді, ал енді басқа әділетсіздермен бірге масқараланып, көрге түсті.
Выбор основного перевода