Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Ей, Хоразин қаласы, қасіретке қаласың! Ей, Бетсайда қаласы, сен де қасіретке қаласың! Егер сендерде жасалған кереметтер (шетелдік) Тир мен Сидон қалаларында орын алған болса, олардың халқы әлдеқашан азалы киім киіп, күлге отырып, теріс жолдарынан қайтқан болар еді. Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың! Егер сенде жасалған кереметтер ежелгі Содомда орын алған болса, сол қала күні бүгінге дейін сақталған болар еді. Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:— Құдайдың Ізгі хабарын алдымен сендерге уағыздауымыз керек еді. Алайда оны қабылдамай, өздеріңді мәңгілік өмірге лайықты санамайтын болсаңдар, онда басқа ұлттарға бет бұрамыз! Себебі Жаратқан Ие бізге мынадай әмір берді: Сені басқа ұлттар үшін де жарық нұр болуға белгіледім. Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің! Басқа ұлттардың адамдары мұны естігенде қуанып, Иеміз туралы Ізгі хабарды мадақтай бастады. Мәңгілік өмірге ие болады деп Құдай белгілеп қойғандар Мәсіхке сеніп, Оның жолына түсті.
Выбор основного перевода