Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жеме! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», — деді. Ал егер күзетші жаудың аттанып келе жатқанын көрсе де, халықты сақтандыру үшін керней тартып дабыл қақпаса, әрі жау тап беріп, адамдардың біреуін өлтірсе, онда сол адам өз кінәсі үшін өледі. Бірақ оның төгілген қаны үшін Мен күзетшіні жауапқа тартамын. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, енді Мен сол бақташыларға қарсы шығамын! Олардан қойларым үшін жауап беруін талап етемін, отарымды енді қайтып оларға баққызбаймын. Сол бағушылардың тек өз бастарының ғана қамын ойлауларын доғартып, қойларымды олардың аранынан арашалап аламын. Осылайша қойларым енді қайтып соларға жем болмайды». Иса жиналғандарға тағы бір жолы тіл қатып былай деді:— Мен бұл жерден кетемін, сонда Мені іздейсіңдер. Ал сендер күнәларыңды арқалап өлесіңдер және Мен баратын жерге жете алмайсыңдар. — Сондықтан да сендерге «күнәларыңды арқалап өлесіңдер» дедім. Өйткені егер Менің Сол екеніме сенбесеңдер, күнәларыңды арқалап өлетін боласыңдар. — Адамдардың үстеріне қол қойып батаңды беруде асығыстық жасама! Әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк таза ұста. Мен әлі де осы тәндік «шатырда» тұрғанымда, соларды естеріңе түсіріп, рухани дамуларыңа қозғау салып отыруды дұрыс деп санаймын.
Выбор основного перевода