Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіл үйірген таза балдан да тәтті,Алтыннан, саф алтыннан да бағалы. Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі,Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті! Сөздерің маған жеткен кезде, олардан рухани нәр алып жан дүниеме азық еттім. Сенің сөздерің маған қуаныш әкеліп, жүрегім ләззат тапты. Себебі мен Сенің есіміңмен аталғанмын, уа, Әлемнің Әміршісі Құдай Ие. Сонда мен періштеге барып, одан кітапшасын беруін өтіндім. Ол маған: «Ал да, жеп қой. Ол қарныңа барғанда ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады», — деді. Мен періштенің қолынан кітапшаны алып, жеп қойдым. Аузымда ол маған балдай тәтті болса, жұтқаннан кейін ішімді қуырды.
Выбор основного перевода