Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: «Мен өз халқымның жолына сүріндіретін кедергілер қоямын. Әкелер мен ұлдары соған сүрініп құлайды. Көрші-қолаң, дос-жарандар бірге жығылып, мерт болады». Ал егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, әрі зұлым адам сияқты жексұрын істер істеуге кіріссе, оның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, оның бұрын істеген әділ істерінің ешқайсысы да енді ескерілмейді. Сол адам опасыз болып, күнә жасағаны үшін өлімге кесілуге тиіс. Ал сен, пендем, өз халқыңа мынаны жеткіз: Егер әділ жан Құдайға қарсы бас көтеріп күнә жасайтын болса, бұрынғы әділдігі енді оны құтқара алмайды. Ал егер зұлым адам өкініп, Құдай жолына түссе, онда ол зұлымдығы үшін тартуға тиісті жазасынан құтылады. Сонымен әділ адам күнәға батқан кезде өзінің бұрынғы әділдігіне сүйеніп өмір сүре алмайды. Сол сияқты, Мен әділ адамға: «Сен шүбәсіз өмір сүре бересің!» десем, бірақ ол өзінің бұрынғы әділдігіне сүйеніп күнә жасауға кіріссе, онда Мен оның әділ істерінің ешқайсысын ескермеймін. Сол адам жасаған әділетсіз істеріне бола өлімге бұйырылады. Егер әділ адам өзінің әділ іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасауға кіріссе, онда ол сол үшін өлімге бұйырылады.
Выбор основного перевода