Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күні жау Исраилдің үстінен буырқанып долданған теңіздей ақырады. Пенде жағаға қарап, қара түнек пен азапты көреді. Қараңғы бұлттар жарықты жауып тастағандай, әркімнің де күдері үзіледі. Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары Садақ пен найза ұстанған олар қатыгез, аяуды білмейді. Атқа мініп шапқанда дауылды теңіздей гүрілдейді. О, сорлы Бабыл, олар шеп құрып, сені басып алуға келеді! Ал қазір көптеген халықтар саған қарсы жиналып жатыр. Олар: «Ол арамдана берсін! Сионның қирағанын өз көзімізбен көріп, соған мәз болайық!» — деседі.
Выбор основного перевода