Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл сән-салтанатың да, сарайыңдағы күй-сазың да өзіңмен бірге қабірге қойылды. Сенің астыңа шыбын құрттары төселіп, жамылып жатқан жамылғың жауын құрттары болды. «Қаланы аралап жүр жетігеніңмен,Ұмыт болған жезөкше іспеттісің сен,Адамдардың сені ескеруі үшінКүйің мен жырың ұнамды естілсін». Даңғыра мен жетігеннің көңілді үндері мен ермекке салынғандардың у-шуы басылып қалған. Себебі Жаратқан Ие Сион тауының үстінен қолын жайып тұрып, қаланы жарылқайтын болады. Ал (қасарысып, Оған қарсы шыға берген) Моаб тыңайтқыш үшін шалшықта тапталған сабандай тапталатын болады. Мен елді қаңыратып, Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінен қуаныш пен шаттықтың үнін, күйеу бала мен қалыңдықтың көңілді дауыстарын шықпайтын қыламын! «Бұдан былай сен ешқашан жетіген сазы мен адам даусын, сыбызғы мен керней тартқандарды естімейтін боласың. Ұсталар мен өнер шеберлері сенде болмайды, диірменнің дыбысы да естілмейді.
Выбор основного перевода