Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ештеңе айтпай үндемеді. Тир қаласы патшалық салтанатқа ие болатын. Оның саудагерлері әміршілер іспетті дүние жүзінде құрметтелетін. Осы қалада сондай апат болсын деп кім ұйғарды? Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан. Осылайша көп ұлттарды саған аңтарылып, үрейлене қарайтын қыламын. Мен олардың патшаларының алдында семсерімді сілтегенде, олар саған қарап төбе шаштары тік тұратын болады. Сен күйреген кезде олардың әрқайсысы әр сәт сайын өз өмірі үшін дір-дір ететін болады. Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды. Бабылдың азғындығы мен сән-салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады.
Выбор основного перевода