Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Өйткені Исраил халқының арасында бұдан былай өтірік аяндар мен жағымпаз болжаулар айтылмайтын болады. Содан соң Еремия пайғамбар Хананиях пайғамбарға қарап былай деді:— Тыңда, Хананиях! Өзіңді Жаратқан Ие жібермеген болса да, сен мына халықты жалған хабарға сендіріп келесің. Мен әділдерге қайғы-қасірет жібермесем де, сендер оларға өтіріктеріңді айтып, жүрексіндіріп түңілдірдіңдер. Ал зұлымдар арам істерін қоймаса да, сендер оларды жігерлендіріп, қолдадыңдар. Сол себепті теріс жолдарынан қайтпаған олар өмірлерін сақтап қалмады.
Выбор основного перевода