Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Түс көрген пайғамбар түсін айтсын. Ал Менің хабарымды қабылдағандар оны ақиқатпен жеткізсін. Сабан мен бидайдың арасындағы зор айырмашылық іспетті олардың бос сөздері мен ақиқаттың арасындағы айырмашылық та жер мен көктей. Менің сөздерім от сияқты емес пе? Ол тастың талқанын шығаратын балға сияқты емес пе? — деп сауал қояды Жаратқан Ие. — Сондықтан біліп қойыңдар: сөздерімді бір-бірінен ұрлап алатын пайғамбарларға Мен қарсы шығамын! — дейді Жаратқан Ие. — Дұрыс, мылжыңдап «Жаратқан Ие пәлен деп айтты!» дей беретін пайғамбарларға Мен қарсы шығамын! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Иә, сол өтірік түс айтатындарға Мен қарсы шығамын! Мен оларға тапсырма беріп тағайындамасам да, жібермесем де, олар көрген түстерін айтып, сорақы өтіріктерімен халықты теріс жолға салады. Олардың осы халыққа тигізетін титтей де пайдасы жоқ!» — деп тұжырымдайды Жаратқан Ие. Пайғамбарларыңның хабарлары пайдасыз, жалған,Айдаудан сақтап олар күнәңді ашпады саған,Өтірік аяндар паш етіп сені адастырған. Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын.
Выбор основного перевода