Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақтау кінәліні, айыптау кінәсізді —Екеуі де Жаратқан Иеге жиренішті. Адамдарды алалау ешқандай дұрыс емес,Кейбіреу бір үзім нан үшін қылмыстан шегінбес. Иерусалимнің пайғамбарларынан да мына қорқынышты іс-әрекетті көрдім: олар азғындыққа салынып, жалғандықтың жолын қуып жүр! Олар зұлым істер істеп жүретіндерді қолдап-қолпаштайды. Сондықтан ешкім күнәсінен бас тартпайды. Діни қызметкерлердің бәрі Маған Содомдай, Иерусалимнің тұрғындары Ғоморадай жексұрын болып кетті». Мені менсінбейтіндерге олар: «Жаратқан Ие былай деді: Сендерде амандық пен тыныштық болады!» Қасарысқан жүрегінің қалауымен жүретін қыңырларға олар: «Бастарыңа ешқандай пәле түспейді!» деп уәде береді». Уа, Исраил халқы, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Егер Мені тыңдамайтын болсаңдар, мейлі, әрқайсың барып, жалған тәңірлеріңе құлшылық ете беріңдер! Бірақ кейін Менің қасиетті есімімді өздеріңнің опасыздықтан арамдалған сый-тартуларыңмен және тәңірсымақтарыңмен қорламайсыңдар. Жаратқан Ие халқымды теріс жолға адастырған пайғамбарлар жайлы мынаны айтады: «Егер біреу оларға тамақ беріп қарындарын тойдырса, олар соған амандық пен тыныштықты болжайды. Ал егер солай етпесе, онда сол пайғамбарсымақтар оларға қарсы соғыс ашылатынын болжайды. Қаланың пайғамбарлары менмен де сатқын жандар. Діни қызметкерлері киелі орынды арамдап, Таурат заңын бұзып аяққа басады. Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар! Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер.
Выбор основного перевода