Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әміршілерің олжасын паршалап жұлып, ақырған арыстандай, астыртын әрекет жасауда. Олар адам өмірін жалмап, мал-мүлкін тартып алып, осы елде көптеген әйелді жесір қалдырды. Жаратқан Ие халқымды теріс жолға адастырған пайғамбарлар жайлы мынаны айтады: «Егер біреу оларға тамақ беріп қарындарын тойдырса, олар соған амандық пен тыныштықты болжайды. Ал егер солай етпесе, онда сол пайғамбарсымақтар оларға қарсы соғыс ашылатынын болжайды. Мұндайлар Иеміз Иса Мәсіхке қызмет етпейді, қайта, қарындарының ғана қамын ойлап, жағымпазданып, майда да сылдыр сөздерімен тәжірибесіздерді алдайды. Олардың кейбіреулері кісілердің үйлеріне қулықпен кіріп, түйсіксіз әйелдерді еліктіріп, құлдыққа түсіреді. Сондайлар күнәға белшесінен батып, түрлі құмарлықтардың жетегінде жүреді. Олар ұдайы күнә жасаудың орайын іздеп, көздерімен әйелдерді «ішіп-жеп», сенімі тұрақсыздарды өздеріне еліктіріп отырады. (Солардың саны көбейе түссін деп) ашкөзденіп үйренген мұндайларды Құдайдың қарғысы атқан!
Выбор основного перевода