Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы елдің ұлығы да, қарасы да құриды. Олар қабірге қойылмай қалады, ешкім аза тұтып жоқтамайды да. Олардың өлгенін жоқтап, өз денелерін тілгілеп жарақаттап, шашын тақырлап алып тастайтын да ешкім болмайды. сол патшалықта тұрып жатқан барлық жат жұрттықтарға да сол «тостағаннан» ішкіздім. Мұнан кейін шығыстағы Ус жерінің күллі патшаларына, філістірлер елінің бүкіл патшаларына әрі Ашқалон, Газа, Әкронның халқына және Азоттың тірі қалғандарына да, Сихем, Шило және Самариядан жолға шыққан сексен адам Миспаға таяп келді. Олар (елдің басына түскен ғаламат пәлеге қатты қайғырып) сақалдарын қырқып, көйлектерінің өңірін айыра жыртып, денелерінің терісін тілгілеп жарақаттап алған еді. Бұл адамдар Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінің орнына бармақ болып, өздерінің астық тартулары мен хош иісті заттарын алып келе жатты. Олардың барлығы аза тұтып бастарын тақыр қылып, сақалдарын қырып тастайды және қолдарын тілгілеп жарақаттап, азалы киім киеді. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. Сол үшін Мен Газа қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Мен Азоттың тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. Өздеріңе сондай сүйікті балаларыңды аза тұтып, шаштарыңды тақырлап алып тастаңдар! Бастарыңды тазқараның басындай қылып тақырлаңдар! Өйткені балаларың жер аударылып айдалып әкетіледі». (Філістір еліндегі) Газа қаласы қаңырап бос қалып, Ашқалон да қирап үйіндіге айналады; Азоттың тұрғындары тал түсте айдалып әкетіліп, Әкронның халқы да түп-тамырымен жұлынып тасталады. Ашқалон қаласы Тирдің қирағанын көріп, зәресі ұшады. Газа да қорыққанынан бүрісіп қалады, үміті үзілген Әкрон да осылай қысылып қиналмақ. Газа патшасынан айырылып, Ашқалон қаңырап бос қалады.
Выбор основного перевода