Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты. Ал бұрын Газа қаласына дейінгі елді мекендерде тұрған ауилықтарға келсек, Крит аралынан көшіп келген криттіктер оларды қырып-жойып, жерлеріне өздері қоныстанып алды. Қала қақпаларының маңында еңіреңдер! Қаланың ішінде зар жылаңдар! Уа, філістірлер, қорқыныштарыңнан су жүрек боласыңдар. Солтүстік жақтан шаң-топырақтың құйын бұлты іспетті жау аттанып келе жатыр! Осы айбынды әскердің қатарларында бірде-бір қорқақ жоқ. Мысыр халқы да Тир туралы хабарды естігенде дірілдеп қорқатын болады. Тарсисқа барыңдар, (суық хабарды жеткізіңдер)! Уа, аралдардың тұрғындары, (Тирді жоқтап) жылаңдар! Жаратқан Ие қолын теңіз үстіне созып, патшалықтарды дірілдетіп қорқытып қойды. Ол финикиялық саудагерлердің қорғандарын талқандау туралы бұйрық беріп «Ал сендер, уа, Тир мен Сидон және філістір елінің аймақтары, Маған не істейін деп жатырсыңдар? Сендер Менен кек алғыларың келе ме? Егер солай ететін болсаңдар, Мен істегендеріңді өз бастарыңа лезде-ақ қайтарамын. Мен Азоттың тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды». «Ей, исраилдіктер, сендерді қалай көрсем, құштықтарды да солай көремін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Әрине, ежелде Мен сендерді Мысырдан азат етіп алып шықтым. Бірақ Мен філістір халқын да Крит аралынан, әрі арамалықтарды (Бабыл еліндегі) Кир аймағынан алып шыққанмын. — Дамаскімен шекаралас Хамат та, Тир мен Сидон да қанша дана болғандарымен Жаратқан Иенің ауыр айыптау сөзі соларға да қарсы айтылды. Тир өзіне қорған салып, күмісті шаң-тозаңдай, алтынды даладағы саз балшықтай үйіп жинап алды. Бірақ енді Тәңір Ие оның дәулетін тартып алып, байлығын теңізге лақтырады, қалғанының бәрін от жалмайды.
Выбор основного перевода