Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонау солтүстіктегі Дан жақтан жау аттарының осқырынғаны естіледі. Олардың айғырлары кісінегенде бүкіл ел дірілдейді. Жау ел мен ондағы бардың бәрін, қалалар мен тұрғындарын түгел жалмап құрту үшін аттанып келе жатыр. Ал Мен не көріп тұрмын? Мысырдың жасақшылары қорқып, шегініп, батырлары да жеңіліп, алды-арттарына қарамай қашып бара жатыр. Айналдыра бәрі де қорқыныш! — дейді Жаратқан Ие. — Қамшының сартылы, дөңгелектің тарсылы, жылқының дүбірі, соғыс күймелерінің дүрсілі естіліп тұрады. ал кигендері темір сауытқа ұқсас екен. Қанаттарынан шыққан шуы ұрысқа шапқан ат жеккен сансыз күймелердің дөңгелектерінің дыбысындай еді.
Выбор основного перевода