Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ғодалиях олардың өздерін және адамдарын жігерлендіріп: «Бабылдық қызметкерлерден қорықпаңдар! Елде тұрып қалып, Бабыл патшасына қызмет етіңдер, сонда жағдайларың жақсы болады!» — деп уәде беріп ант етті. Ал Бабыл патшасына бағынып, оның мойынтұрығын киген халықты Мен өз елінде қалдырамын. Олар сонда тұрып, жерін өңдеп өз күндерін көретін болады, — деп уәде етеді Жаратқан Ие. Сонда Еремия Седекияхқа былай деді:— Исраилдің Құдайы, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Егер сен қаладан шығып, Бабыл патшасының әміршілеріне берілсең, онда өзің де, отбасың да тірі қалып, мына қала да өртенбейтін болады. Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. — Седекиях патша Еремияға:— Мен халдейлердің жағына өтіп кеткен яһудилерден қауіптенемін. Халдейлер мені солардың қолдарына тапсырса, олар мені азаптап қорлайды ғой! — деді. Еремия оған былай деп жауап берді:— Жоқ, сізді солардың қолдарына тапсырмайды! Өтінемін, мен арқылы сізге сөйлеп тұрған Жаратқан Иенің даусына мойынсұнсаңыз екен! Сонда өзіңізге игі болып, жаныңыз аман сақталады.
Выбор основного перевода