Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Рехап ұлы Жонадабтың ұрпақтарының арасынан біреу әрқашан алдымда тұрып Маған қызмет ететін болады. — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы осыны нық айтады. Әйтсе де Набузар-Адан әмірші түгі жоқ кедейлерді Яһуда елінде қалдырып, оларға жүзімдіктер мен құдықтарды қарап күтуді тапсырды. Сонда Еремия Миспа қаласындағы Ахиқам ұлы Ғодалияхқа барып, елде қалып қойған халықтың арасында тұрды. Содан олар қашып кеткен сол елдерінен Яһуданың Миспа қаласындағы Ғодалияхқа келді. Енді олар да барып, жүзім, құрма, інжір жемістерінің мол өнімін жинап алды. Сибманың жүзім бұталары үшін Жазер халқы іспетті мен де қатты қайғырамын. Бұрын олардың бау-бақшалары тіпті Өлі теңізге дейін жайылып, жайқалып тұратын еді. Бірақ құртушы жау келіп, құрма, інжір, жүзім жемістерін жинап алып кетпек. Набуходоносор Бабылға патшалық құрған он тоғызыншы жылдың бесінші айының оныншы күні оның бір нөкері — патша ұландарының әміршісі Набузар-Адан Иерусалимге келіп жетті.
Выбор основного перевода