Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әбішай Дәуіттен:— Бүгін Құдай жауыңызды қолыңызға түсіріп отыр. Оны сүңгімен жерге қадап тастауға рұқсат етіңіз. Мен бір ұрсам болды, екінші рет ұрып жатпаймын! — деп өтінген еді. Сонда Сарұяның ұлы Әбішай патшаға:— Мына иттің өлімтігі неге патша иемді қарғап балағаттауда?! Мен қазір-ақ барып, басын шауып тастайын! — деді. Бірақ Сарұяның ұлы Әбішай Дәуітке көмекке келді де, філістірге тап беріп, оны өлтіріп тастады. Сонда Дәуіттің адамдары одан өтініп: «Енді қайтып бізбен бірге ешқашан шайқасқа шықпасаңыз екен! Себебі Исраилдің шам-шырағын өшіруге болмайды!» — деп, бұларын антпен бекітті. Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді:— Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық.
Выбор основного перевода