Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер исраилдік бауырластарыңның бірі кедейленіп, өзін саған басыбайлы қызметшің болуға сатса, оған құл іспетті ауыр жұмыс істетпе. Оған жалдамалы жұмысшыға немесе еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа қарағандай жақсы қара. Ол саған келесі Мереке жылына дейін қызмет етеді. Сол жыл келгенде, оның өзіне және бала-шағасына бас бостандығын бер. Ол өз руына, ата-бабаларына бөлінген мұралық жерге қайтып барады. Исраилдіктер Өзімнің Мысыр елінен алып шыққан қызметшілерім. Оларды құл сияқты сатуға болмайды. Қызметшілеріңе аяусыз, қатал билік жүргізбе, қайта, Құдайыңды терең қастерле! Құл-күңдерің айналаларыңдағы өзге халықтардан болсын. Құлдарыңды солардың арасынан сатып ал. Сондай-ақ, құлдарды елдеріңде уақытша тұрып жатқан жат жұрттықтардан және олардың елдеріңде туған ұрпақтарынан сатып алыңдар. Олар сендердің басыбайлы құлдарыңа айналады. Оларды өмір бойы құл етіп, өзіңнен кейінгі бала-шағаңа мұра етіп қалдыруларыңа да болады. Бірақ бауырлас исраилдіктерге аяусыз, қатал билік жүргізбеңдер! Егер бауырлас еркек не әйел басыбайлы қызметшің болуға сатылып, саған алты жыл бойы қызмет етсе, жетінші жылы оған бас бостандығын беріп қоя бер! Жиналыста ауқаттыларға былай дедім:— Біз қолымыздан келгенше, бөтен халықтарға құлдыққа сатылып кеткен яһуди ағайындарымызды құндарын төлеп босатып алып жүрміз. Бірақ сендер, керісінше, өз ағайындарыңды құлдыққа сатып жүрсіңдер! Сонда біздің оларды қайтадан құндарын төлеп босатуымыз керек дейсіңдер ме?!Олар бұған қарсы айтатын сөз таба алмай, үнсіз қалды. Сонымен қатар сендер қазір, бүгін-ақ, оларға егістіктері мен жүзімдіктерін, зәйтүн бақтары мен үй-жайларын қайтарып беріңдер! Сондай-ақ, қарызға берген күмістеріңнен, астық, жүзім шырыны және зәйтүн майларыңнан өсім ретінде алған жүзден бір бөлікті де өздеріне қайтарып беріңдер! —
Выбор основного перевода