Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер басыбайлы исраилдік қызметші сатып алсаң, ол саған алты жыл қызмет етсін. Жетінші жылы оған бас бостандығын тегін бер. Алты жыл бойы жеріңе егін егіп, өнімін жина, Егер бауырлас еркек не әйел басыбайлы қызметшің болуға сатылып, саған алты жыл бойы қызмет етсе, жетінші жылы оған бас бостандығын беріп қоя бер! Сонда Жаратқан Ие оған мынадай жауап берді: «Халықтың айтқандарының бәріне көн. Олар сенен емес, Менен бас тартып, өздеріне патшалық етуіме қарсы шығып тұр. Мен оларды Мысырдан алып шыққаннан бері Маған адал болмай, бөтен тәңірлерге құлшылық етіп келгендері сияқты, енді саған да солай істеп отыр. Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің және Яһуданың халқын Өзінің барлық пайғамбарлары мен хабаршылары арқылы: «Жаман жолдарыңнан қайтыңдар! Мен ежелде ата-бабаларыңа тапсырған, әрі Өзіме қызмет етуші пайғамбарларым арқылы сендерге де табыстаған бүкіл Таурат заңымдағы өсиеттерім мен ережелерімді орындаңдар!» — деп ескертіп жүрді. Бірақ олар тыңдамай, кезінде өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сенім артпаған ата-бабалары сияқты тоңмойын болып қасарысып алды. Бірақ олар тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Керісінше, қыңырланып зұлым ой-ниеттерін іске асырып жүрді. Олар алға жүрудің орнына кері кетті. Жаратқан Ие сендерге қайта-қайта пайғамбарларын жіберіп отырса да, сендер оларды не тыңдаған, не ден қойған жоқсыңдар. Мен сендерге өз қызметшілерім — пайғамбарларды қайта-қайта жіберіп отырдым. Олар сендерге: Әрбіреуің теріс жолдарыңнан қайтыңдар, бөтен тәңірлердің жолын қумаңдар! Сонда сендер Жаратқан Иенің өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған елінде тұра бересіңдер, деп ескертіп жүрді. Бірақ сендер Маған құлақ асып, тілімді алған жоқсыңдар.
Выбор основного перевода