Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда осы халықтың мәйіттері жыртқыш құстар мен аңдарға жем болып, соларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды. Жанымды алмақ болып маған: «Жаратқан Иенің атынан пайғамбарлық сөздеріңді жариялама, әйтпесе өлтіреміз!» — деп, көзімді құртқысы келіп жүрген Анатоттың адамдары туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы жерде Мен Яһуда мен Иерусалимнің жауға тойтарыс беру туралы жасаған жоспарларын түкке тұрғысыз етемін. Оларды жандарын алмақ болғандардың семсерімен құртып, сол қас жауларының алдында құлатып, денелерін аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем қылып беремін. Сені жаныңды алмақ болған, өзің зәрең қалмай қорқатын адамдардың, яғни Бабыл патшасы Набуходоносор мен халдей жасақшыларының, қолдарына түсіремін!
Выбор основного перевода