Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл орындалғанда сен Бабыл патшасын мазақ еткен өлең айтып былай дейсің:Жауыз қанаушы қалайша тоқтатылды!Асқақтап тонауы оның доғартылды! Сұмның асатаяғын Жаратқан сындырды,Зұлым билеушіден үстемдігін тартып алды. Сол патша ұлттарды ашулана ұрғылады,Халықтарды тоқтатпай жаншып қудалады. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Бабылдықтар көп халықтар мен ұлы патшалардың құлдығына түседі. Мен бабылдықтарға жасаған іс-әрекеттеріне сай тиісті жазаларын тартқызамын!» Мен Яһуда патшасы Седекияхты оның жанын алмақ болған жауы — Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырғанмын. Сол сияқты енді Мысыр патшасы Хофра перғауынды да оның жанын алмақ болған жауларының қолына тапсырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жаратқан Ие Бабыл патшасы Набуходоносордың болашақта Мысыр елін шабуылдайтыны туралы Еремия пайғамбарға сөзін арнап былай деді: Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап, үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді. Көп жылдан кейін Белшазар патша өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады. Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді.
Выбор основного перевода