Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабылдықтар Жаратқан Иенің ғибадатханасында тұрған екі қола бағананы, жылжымалы қола тұғырларды және теңіз деп аталатын дәу қола қазанды бөлшектеп сындырып, солардың барлық қоласын Бабылға тасып әкетті. Шетелдік патша Құдайдың киелі үйіндегі үлкенді-кішілі жиһаздар мен бұйымдардың бәрін, әрі ондағы қазынаны, сонымен қатар патша мен әміршілерінің қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті. Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты. Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады. Бұған қоса, Құдайыңның киелі үйіндегі қызметке арналған, өзіңе сеніп тапсырылған бұйымдарды да Иерусалимдегі Құдайдың алдына апарып жеткіз. Себебі Жаратқан Ие былай деп уәде береді: — Сендер Бабылда жетпіс жыл болғаннан кейін Мен сендерді қамқорлауға келіп, өздеріңді осы жерге қайтып әкелемін деген ізгі уәдемді орындаймын. Бабыл патшасы Седекияхты Бабылға алып кетеді. Мен оған қатысты еркімді орындағанша Седекиях сонда қала береді. Егер халдейлерге қарсы соғыссаңдар, бұларыңнан түк шықпайды!» Бұлай айтқаның қалай, Еремия? — деп наразылық білдірген болатын. Халдейлер Жаратқан Иенің ғибадатханасында тұрған екі қола бағананы, жылжымалы қола тұғырларды және теңіз деп аталатын дәу қола қазанды бөлшектеп сындырып, солардың барлық қоласын Бабылға тасып әкетті. Сүлеймен патша кезінде Жаратқан Иенің киелі үйіне арнап жасатқан екі бағананың, дәу қазанның және оның астындағы өгіз бейнелі он екі тұғырдың қоласы таразыға салып, салмағын өлшеуге тым ауыр болды. Екі бағананың әрқайсысының биіктігі он сегіз шынтақ, діңінің айналдыра ұзындығы он екі шынтақ еді. Бағаналардың іштері қуыс, қабырғаларының қалыңдығы төрт елі болды.
Выбор основного перевода