Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Мен барлық осы халықтардың мойнына темір мойынтұрық кигізіп, оларды Бабыл патшасы Набуходоносорға басыбайлы қызмет етуге мәжбүрледім. Содан олар оған сөзсіз қызмет ететін болады! Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. «Ей, пендем, Бабыл патшасы Набуходоносор өз әскеріне Тирді басып алу үшін аямай еңбек еткізді. Оның әскеріндегі әрбір бас жүк тасудан қажалып, шашы түсіп тақырланды, әрі ауыр еңбектен әрбір иық сүйегіне дейін қажалып, жалаңаштанды. Бірақ оның өзі де, әскері де Тирге қарсы аттанып, сіңірген ауыр еңбектері үшін олжаға түк те алмады». Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен Мысыр елін Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырамын. Ол оны тонап, олжалап, мол байлығын иемденіп, алып кетеді. Бұл оның әскеріне арналған ақы болмақ. Мен Мысыр елін Бабыл патшасына істеген еңбегінің сыйы ретінде бердім, өйткені оның өзі және әскері Мен үшін еңбек етті ғой. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Осылай Мен Бабыл патшасының қолын күшейтемін, бірақ перғауынның қолы әлсіреп, жасық болады. Мен семсерімді Бабыл патшасының қолына ұстатып, ол соны Мысыр еліне қарсы жұмсағанда, олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.
Выбор основного перевода