Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар ораза ұстаса да, жалбарынышына құлақ аспаймын! Құрбандықтар мен астық тартуларын өртеп ұсынса да, соларын қабылдамаймын! Мен оларды семсер, ашаршылық және індет арқылы қырып-жоямын. Ал егер: «Қайда баруымыз керек?» деп сұраса, сен оларға былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Әркім өзіне бұйырылғанына барсын: індеттен өлуге бұйырылғаны індетке, семсерге бұйырылғаны семсерге, аштыққа бұйырылғаны аштыққа, жер аударылуға бұйырылғаны жер аударылуға кетсін! «Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады. Сонда Еремия Седекияхқа былай деді:— Исраилдің Құдайы, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Егер сен қаладан шығып, Бабыл патшасының әміршілеріне берілсең, онда өзің де, отбасың да тірі қалып, мына қала да өртенбейтін болады. Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. — Өйткені Мен сені міндетті түрде құтқарамын. Ешкімнің семсерінен қаза таппайсың, керісінше, тірі қалып, өз жаның өзіңе олжа болады. Себебі сен Маған толығымен сенім артып келесің!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Осылай бола тұра, сен өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыласың ба? Солай істеме! Мен бүкіл адамзатқа апат жіберемін. Алайда Мен сені қайда барсаң да, тірі қалдырып, өз жаныңды өзіңе олжа етемін. Мен, Жаратқан Ие осыған уәде беремін!
Выбор основного перевода