Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жауынгерлер Құдайдың киелі үйіне от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар қаладағы күллі сарайларды да өртеп, ондағы құнды нәрселердің барлығын құртты. Сондықтан олар істерінің жемісін жейді,Өз қулық-сұмдықтарына «кенеледі». Ал әділ жандарға мына ізгі хабарды жеткізіңдер: олар еңбектерінің жемісін жеп, игіліктерін көреді. Бірақ зұлымдар қасіретке қалады! Істеген жамандықтары өз бастарына түседі. Бірақ егер айтқанымды орындамасаңдар, демалыс күнін Маған бағыштамасаңдар, әрі сол күндері Иерусалимнің қақпаларынан жүк алып кіретін болсаңдар, онда Мен Иерусалимнің қақпаларына ешқашан өшпейтін от қоямын! Содан оның сарайлары да өртеніп кетеді. Оған қарсы құртушыларды жіберемін, әрқайсысы қару-жарағын асынып келеді. Олар сарайдың таңдаулы самырсын тақтайшаларын шапқылап, отқа лақтырады. Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. — Ей, пендем, бетіңді оңтүстікке қарай бұрып, оған қарсы сөйле! Оңтүстіктегі қалың орманға (ұқсас Яһуда елі мен Иерусалим қаласына) қарсы пайғамбарлық сөз айт! Барша жұрт осы отты тұтатқанның Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Ол еш өшпейтін болады.
Выбор основного перевода