Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын. Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, мынаны айтамын: бұл қаланы Мен халдейлерге, олардың патшасы Набуходоносордың қолына, тапсырмақпын. Ол қаланы басып алады. Сонда халдей жауынгерлері қалаға кіріп, оған от қояды. Олар қаланы бүкіл үйлерімен бірге өртеп тып-типыл етеді. Халық сол үйлердің төбелерінде Бағалға бағыштап хош иісті заттар түтетіп, басқа да тәңірсымақтарға арнап сұйық тартулар құйып ұсынуларымен Менің қаһарымды тұтатқан болатын. «Яһуда патшасы Седекияхқа бар да, оған хабарымды жеткіз: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен осы қаланы Бабыл патшасының қолына тапсырамын, ал ол қаланы өртеп жібереді. Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. — Осылай барлық әйелдеріңіз бен балаларыңыз қаладан айдалып, халдейлердің қолына түседі. Өзіңіз де қашып кете алмай, Бабыл патшасының қолына түсесіз. Ол мына қаланы қиратып, өртеп жібереді! «Құштық Әбдімәлікке бар да, оған былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен осы қалаға жақсылық емес, апат әкелетінім туралы айтқан өз сөздерімді жүзеге асырайын деп отырмын. Сол сөздерім сенің көз алдыңда жүзеге асады. Сондықтан Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Сендерге пәле жіберіп, Мысырдағы яһудалықтардың бәрін толығымен құртуды шештім! Мен енді оларға жақсылық емес, жамандық істеуді қырағы қадағалаймын. Мысырдағы яһудилер құрып біткенше семсер мен ашаршылықтан қырылады. Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. Мен сондайларға қарсы шығып, оларды басқаларға ескертетін сабақ пен мысал етемін. Оларды өз халқымнан аластатамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Жаулары оларды тұтқындап, басқа елге айдап әкетсе, сол жерде де семсерге оларды жалмауға әмір етер едім. Мен оларға назарымды тігіп, игілік емес, қасірет жіберемін».
Выбор основного перевода