Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын. Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды. Осылайша қатты ашуланып, қаһарын төге наразыланған Жаратқан Ие оларды туған елдерінен түп-тамырымен жұлып алып, бөтен елге лақтырып тастады. Күні бүгінге дейін олар сол жақта». Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді,Киелі Рухын қатты ренжіте берді.Сондықтан Тәңір оның жауына айналды,Халқына қарсы Өзі күреске шықты. Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын.
Выбор основного перевода