Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ілияс қатты қорқып, бас сауғалап қашып кетті. Ол Яһуда руының жеріндегі Бер-Шеба қаласына жетіп, сонда қызметші жігітін қалдырып кетті. Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті. Мен ішіне жас шарап құйылып, керіліп, жарылып кетейін деп тұрған торсық сияқтымын. Сөйлесем, аузымды ашып жауап берсем ғана, жаным жай табады! Жүрек жалындап, ойымда от тұтанды,Тілімнен отты сөздер ағытылды: Жаратқан Иенің қаһары менің бойымда да лаулап тұр, оны тежеп тұра алар емеспін, — дедім.— Ендеше қаһарым көшеде ойнап жүрген балаларға, бас қосқан жас жігіттерге лақ етіп төгілсін! Әйелі мен күйеуі де, жасы ұлғайған қариясы да қаһарымды бастарынан өткізеді. Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті. Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді. Ал Ізгі хабарды уағыздап жүргенімнің өзі мақтануыма себеп бола алмайды, ол борышты міндетім: Ізгі хабарды уағыздамасам, қасіретке қалар едім. Егер оны өз еркіммен істесем, еңбегімнің ақысын күтер едім; бірақ еріксіз істегендіктен, оны сеніп тапсырылған міндетім ретінде орындап жүрмін.
Выбор основного перевода