Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда мен Жаратқанға шаттанамын,Мені құтқарған Иеме қуанамын, Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?» Мен Жаратқан Иеге көп мақтау айтамын,Үлкен жиында Оның даңқын асырамын, Жаратқан бейшара жанды қолдап-қорғайды,Айыптаушылардан аман-есен сақтайды. Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Жақыптың халқы үшін қуана ән салыңдар, оның басқа халықтардан озат болғанына шаттанып, айқайлай ұрандаңдар! Жасаған Иеге мақтау айтып былай деп өтініңдер: «Уа, Жаратқан Ие, өз халқың Исраилдің тірі қалғандарын құтқара гөр!»
Выбор основного перевода