Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені ол анамның құрсағын жаппады. Жапса мына азап пен қасіретті көрмес едім. Не болмаса, туған кезде-ақ неге құрымадым екен? Құрсақтан шығып жатқанда-ақ неге өліп қалмадым екен? Ендеше азап шегіп жүргенге нұр, жаны қиналып жатқанға өмір неге ғана беріледі екен? Өмір бойы бізге қаһарың төнеді,Жылдарымыз күрсінумен бітеді. Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. (Пайғамбар не қайғырған басқа адам:)Иемнің қаһарынан таяқ жеген адаммын мен, Ол айдап жүргізді мені жарық емес, түнекпен.
Выбор основного перевода