Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көп естимін өзім жайлы өсек-аяң,Қауіп төніп тұр басыма жан-жақтан,Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды алуға жоспар құруда. Алайда мен сүрінгенде олар қуанды,Айыптауға маған қарсы жиналды,Бейхабар мені үздіксіз даттады, Тіпті дастарқандас боп нанымды жегенСырлас досым, өзім толықтай сенген,Енді мені теуіп жіберу үшінМаған қарсы көтерді өз өкшесін. Жасырынып бір жерге жиналады,Бар қадамдарымды бақылап тұрады,Аңдып жанымды алуға ұмтылады. Әрқайсың достарыңнан абай болып, туысқаныңның бірде-біреуіне де сенуші болма! Туысқандарыңның әрбіреуі алдаушы, достарыңның әрбіреуі өсекші. Иса осыны айтып болып, сол жерден кете бергенде, дін мұғалімдері мен парызшылдар Оған әр түрлі сұрақтар қойып, жан-жақтан қыспақтады. Олар Исаны айыптайтын бір нәрсені табу үшін, Оның аузынан шыққан әрбір сөзін аңдыды.
Выбор основного перевода