Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіпті діни қызметкерлер «Жаратқан Ие қайда?» деп сұрамады, заңды үйретіп билік айтатындар Мені жақыннан танып білмеді. Халықтың жетекшілері Маған қарсы шықты, пайғамбарлар Бағалдың атынан пайғамбарлық сөз айтып, еш пайдасыз тәңірсымақтардың жолын қуып келеді. Сондықтан мен атақтыларына барып, айтарымды соларға айтайын. Жаратқан Иенің жолы мен Құдайдың Таурат заңын бұлар сөзсіз біледі!» деп ойладым. Бірақ атақтылары да бәрі бірдей Жаратқан Иенің жүктеген міндеттерінен бас тартып, Оның қойған шектерін бұза берген. Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды. Далаға шықпаңдар, жол жүрмеңдер! Өйткені жаудың семсері бар, айналдыра бәрі де қорқыныш. Қала сыртында семсер, ішінде індет пен ашаршылық: даладағылар семсерден қаза тауып, қаладағылар ашаршылық пен індеттен қырылады.
Выбор основного перевода