Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пайғамбар былай дейді:)— Халқым күйреді, содан мен де күйредім. Қатты қайғыдан есеңгіреп қатып қалдым, қорқыныш бойымды билеп алды. Шіркін, басым су шығатын қайнар, көздерім жас ағатын бұлақ болса ғой! Сонда күні-түні халқымның қырылып қаза тапқандарын жоқтап жылар едім! — Сорлы басым, күйредім-ау! Жарақатым жазылар емес. Мен: «Бұл тек ауру ғана, төзуім керек» деген едім. Сендер тыңдамасаңдар, мен тәкаппарлықтарыңа бола оңашада жылайтын боламын. Көз жасым көл болып ағады, себебі Жаратқан Иенің халқы тұтқындалып, айдалып кетеді. Көңілдес одақтастарыңның бәрі сені ұмытып, естеріне еш алмайды. Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан, Мен сені жау соққы бергендей соғып, қатыгез адамның жазалағанындай жазаладым. Өзіңнің жарақатыңнан, шипасы жоқ ауруыңнан несіне айқайлайсың? Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан саған сондай жаза тартқыздым. Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) Жан сала халқың Тәңір Иеге үн қатады,Өзің де, көзің де тыншымай, уа, Сион қамалы,Күні-түні өзендей қып ағыз көз жасыңды!
Выбор основного перевода