Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Осылайша оларға алты жүз елу ат басындай күміс, әрқайсысының салмағы екі ат басындай бір жүз күміс бұйымдар, бір жүз ат басындай алтын, Осылайша діни қызметкерлер мен леуіліктер Құдайымыздың Иерусалимдегі киелі үйіне апарып жеткізу үшін таразыға тартылып, өлшенген сол алтын-күмісті және сол бұйымдарды өзара бөлісіп алды. Олардың жанында Хақостың немересі Ұрия ұлы Меремот келесі бөлікті жөндеп бекітті. Оның жанында Мешизабелдің немересі Барақиях ұлы Мешулам, ал соның қасында Бағана ұлы Садық қабырға бөліктерін жөндеп нығайтты. Барухтан кейін Хақостың немересі Ұрия ұлы Меремот Елияшиптің сарайының кіреберісінен сарайдың шетіне дейінгі қосалқы бөлікті қалпына келтіріп нығайтты. Леуілік басшылардан: Шабтай мен Жозабад. Екеуі Құдайдың үйінің сыртқы жұмыстарын басқаруда.
Выбор основного перевода