Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер, ғибадатхана әншілері, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері бар бір топ исраилдіктер де Езрамен бірге Иерусалимге қайта оралды. Бұл парсы патшасы Артақсерікстің билік жүргізген жетінші жылы болды. Мұнан кейін мен сол жерде, Аһауадағы өзен тармағының жағасында, барлығымызды Құдайымыздың алдында мойынсұнып, ораза ұстауға шақырдым. Осылай біз Құдайдан өзіміз бен бала-шағамыз және барша мал-мүлкіміз үшін оң сапар сыйлауын сұрап мінажат еттік. Содан біз бірінші айдың он екінші күні Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады.
Выбор основного перевода