Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Олар Құдайға бағышталғандықтан, Оның есімін еш қорламасын! Жаратқан Иеге тамақ іспетті арналған тартуларды өртеу арқылы ұсынатындықтан, олар (іс-әрекеттерінде) қасиетті болулары керек. Діни қызметкерлерге жеңіл жүріспен арамданған не күйеуімен ажырасқан әйелге үйленуге болмайды. Өйткені діни қызметкер өзінің Құдайына бағышталған. Діни қызметкерлер сендер сиынатын Құдайға тамақ іспетті арналған тартуларды ұсынатындықтан, оларды Жаратқан Иеге бағышталған деп қастерлеңдер! Себебі сендерді Өзіме бағыштайтын Мен, Жаратқан Ие, киелімін. — Һарон мен оның ұлдарына мынаны жеткіз: Менің киелі есімімді қорламаулары үшін олар исраилдіктердің Маған бағыштайтын киелі тартуларына құрметпен қарайтын болсын! Мен Жаратқан Иемін. Оларға тағы былай деп ескерт: Егер болашақта өздеріңнен тараған діни қызметкер арамданған күйінде исраилдіктердің Жаратқан Иеге бағыштаған киелі тартуларына жақындайтын болса, ондай адамды Менің алдымнан аластату керек. Мен Жаратқан Иемін. Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер!
Выбор основного перевода