Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер, ғибадатхана әншілері, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері бар бір топ исраилдіктер де Езрамен бірге Иерусалимге қайта оралды. Бұл парсы патшасы Артақсерікстің билік жүргізген жетінші жылы болды. Ол Бабыл елінен бірінші айдың бірінші күні жолға шыққан болатын. Өзі сиынатын Құдай құдіретті қолын созып, шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, Езра оралмандар көшін бастап бесінші айдың бірінші күні аман-есен Иерусалимге жетті. Содан біз бірінші айдың он екінші күні Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады. Осылай мен жолға шығып, Батыс Евфрат өлкесіндегі әкімдерге келіп, оларға патшаның хаттарын тапсырдым. Патша, сондай-ақ, қолбасшылар мен бірқатар атты әскерді де маған ертіп жіберген болатын. Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге,Рақымына үмітін жүктегендергеНазарын салады Жаратқан Ие Оларды ажалдан құтқару үшін,Ашаршылықта аман сақтау үшін. Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Бірақ мен бұл құқықтарымның бірде-біреуін қолданған емеспін. Қазір де осыларды сендерден бір нәрсе алу мақсатында жазып отырған жоқпын. Әділ мақтанышымды ешкімнің құр сөзге айналдыруына жол бермеймін, одан да аштан өлгенім артық!
Выбор основного перевода