Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бұл оқиға Ахасуер патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды. патшалықтың барлық аймақтарына, әр аймаққа өз әліпбиі мен өз тілінде мына жарлықты жібертті: «Әрбір ер адам өз үйінде билік жүргізіп, өз халқының ана тілінде сөйлейтін болсын!» Осылайша бірінші айдың он үшінші күні патшаның хатшылары шақырылды. Олар Хаманның айтқан жарлығын патшаның өлке әміршілеріне, барша аймақтардың үстінен қарайтын әкімдерге және әрбір халықтың басшыларына арнап өздерінің әліпбилерімен әрі ұлттық тілдерінде аударып жазып берді. Жарлықтың көшірмелері Ахасуер патшаның атынан жазылып, оның жүзік мөрімен бекітілді. Сол хаттар шабармандар арқылы патшалықтың күллі аймақтарына жіберілді. Онда он екінші айдың (демек адар айының) он үшінші күні, сол бір күннің ішінде, барлық яһудилерді: жасы мен кәрісін, әйелі мен бала-шағасын құртып жоқ қылуға, ал қалған мал-мүлкін олжалауға бұйрық берілді. Мардохай Ахасуер патшаның барлық жүз жиырма жеті аймағындағы яһудилерге тыныштық пен аман-есендік тілеген сәлемхаттарын жіберді.
Выбор основного перевода