Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Басқа халықтар мұны естіп қорқып дірілдейді:Філістірдің елін ғаламат үрей билейді, Едомның әмірлері асып-сасып қалады,Моабтың көсемдері де қалшылдап қорқады,Қанахандықтардың түседі ұнжырғалары, Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. Яһудилер Ахасуер патшаның барша аймақтарында жиналып, өздеріне зұлымдық жасамақшы болғандардың бәріне шабуыл жасауға дайын тұрды. Бірақ яһудилерге қарсы тұра алатын ешкім болмады. Себебі халықтардың барлығы яһудилерден қорқып, оларды терең қастерледі. Ал аймақтардағы шағын қалалар мен елді мекендерде тұратын яһудилер адар айының он төртінші күнін шаттана мейрамдайды. Сол мейрамды бір-біріне сыйлық жіберіп атап өтеді. Себебі осы күндері яһудилер жауларынан құтқарылды. Сол айда уайымдары қуанышқа, қайғылары тойға айналған еді. Мардохай: «Осы күндер шаттана тойлап, бір-біріне сыйлық жіберіп, кедейлерге тартулар беретін күндер болсын!» — деп белгіледі. яһудилер осы екі күнді мейрам етуге шешім қабылдады. Олар мұны дәл нұсқауға сай әрі белгіленген уақытта жыл сайын міндетті түрде іске асыруға келісті. Оны өздеріне, кейінгі ұрпақтарына және Яһуда халқына қосылғандардың бәріне де тұрақты дәстүр етіп бекітті.
Выбор основного перевода