Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Патша ағзам мақұл көрсе, патшалық жарлық шығарылсын. Жарлық парсылар мен мидиялықтардың өзгертуге болмайтын заңдарына тіркеліп қосылсын. Онда Астиннің бұдан былай Ахасуер патшаның алдына келуіне болмайды деп жазылсын. Ал патша одан гөрі лайықты басқа бір патшайымды таңдап алсын. Осылайша бірінші айдың он үшінші күні патшаның хатшылары шақырылды. Олар Хаманның айтқан жарлығын патшаның өлке әміршілеріне, барша аймақтардың үстінен қарайтын әкімдерге және әрбір халықтың басшыларына арнап өздерінің әліпбилерімен әрі ұлттық тілдерінде аударып жазып берді. Жарлықтың көшірмелері Ахасуер патшаның атынан жазылып, оның жүзік мөрімен бекітілді. Мардохай осы хаттарды Ахасуер патшаның атынан жазғызып, патшаның мөрлі жүзігімен бекітті. Содан хаттарды патшаның ат қорасынан шыққан жүйрік сайгүліктерге мінген шабармандар арқылы жан-жаққа жіберді. Осылайша, уа, патша ағзам, бұл жарлықты бекіте көріңіз. Мидиялықтар мен парсылардың ешқашан күшінен айырылмайтын заңына сәйкес оны ешкім өзгерте алмастай етіп жазбаша түрде шығарта көріңіз. Олар патшаның алдына барып, оның шығарған жарлығы туралы айта келіп:— Уа, патша! «Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын!» деп жарлық шығармап па едіңіз? — деген сауал қойды. Патша:— Дұрыс, бұл жарлық мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес бекітілді, оны ешкім де өзгерте алмайды! — деп жауап берді. Алайда манағы қызметкерлер қайтадан патшаның алдына жиналып:— Уа, патша, есіңізден шығара көрмеңіз, мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес, патша шығарған жарлық пен ережені ешқандай өзгертуге болмайды! — деп ескертті.
Выбор основного перевода