Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сол хаттар шабармандар арқылы патшалықтың күллі аймақтарына жіберілді. Онда он екінші айдың (демек адар айының) он үшінші күні, сол бір күннің ішінде, барлық яһудилерді: жасы мен кәрісін, әйелі мен бала-шағасын құртып жоқ қылуға, ал қалған мал-мүлкін олжалауға бұйрық берілді. Яһудилер Ахасуер патшаның барша аймақтарында жиналып, өздеріне зұлымдық жасамақшы болғандардың бәріне шабуыл жасауға дайын тұрды. Бірақ яһудилерге қарсы тұра алатын ешкім болмады. Себебі халықтардың барлығы яһудилерден қорқып, оларды терең қастерледі. Бұлар яһудилердің қас жауы Хаманның ұлдары болатын. Бірақ та яһудилер дұшпандарының мал-мүліктеріне тиген жоқ. Содан Сузыдағы яһудилер адар айының он төртінші күні де бас қосып, қаладағы үш жүз жауының көзін құртты. Бірақ солардың мал-мүліктеріне тиген жоқ. Патшаның басқа аймақтарындағы яһудилер де өз өмірлерін қорғауға жиналған болатын. Олар жауларынан құтқарылып, өздерін жек көретін жетпіс бес мың дұшпанының көзін жойды. Алайда солардың мал-мүліктеріне тиген жоқ. Сузыдағы яһудилер болса, он екінші айдың он үшінші және он төртінші күндері дұшпандарына қарсы шығуға бас қосып, он бесінші күні демалды. Сондықтан олар айдың он бесінші күнін қуанышпен тойлайтын мереке етіп белгіледі.
Выбор основного перевода